Облыстық БАҚ өкілдеріне мұнай-газ саласындағы зерттеу журналистикасының қыр-сыры түсіндірілді. Салалық журналист Олег Червинский жүргізген тренинг тәжірибелік форматта өтті. Қатысушылар деректердегі қайшылықтарды анықтау, қаржылық және өндірістік көрсеткіштерді талдау, күрделі ақпаратты қарапайым тілмен жеткізу дағдыларын жетілдірді.