«АтырауГео - 2026» VI халықаралық ғылыми - практикалық геологиялық конференция басталды. Үш күнге жоспарланған ауқымды жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері, мұнай-газ компанияларының мамандары, отандық және шетелдік ғалымдар қатысуда. Форум аясында мұнай мен газдың жаңа қорларын іздеу мәселесі кеңінен талқыланбақ. Сондай-ақ, Каспий маңы ойпатының терең қабаттарын зерттеуге назар аударылған.