Өңірде оқушыларға есірткіден сақтану жолдары түсіндірілді. №31 мектеп-гимназиясында полиция қызметкерлері мен мамандардың қатысуымен кездесу өтті. Жиын барысында интернет кеңістігінде жиі ұсынылатын "жеңіл ақша" туралы жарнамалардың астарында қандай қауіп бар екені нақты мысалдармен баяндалды.