Ғабдол Сланов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорындағы сирек кітаптар оқырман назарына ұсынылды. Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған көрмеге оқушылар мен ұстаздар қатысты. Олар жалпы кітаптардың шығу тарихымен танысып, өз сауалдарына жауап алды.