Қазір облыстың әр аумағында Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр. Науқан 25 сәуірге дейін жалғасады. Басты мақсаты - халықтың вакцинацияға деген сенімін арттыру, жұқпалы аурулардың алдын алу және екпенің маңызын түсіндіру. Осы уақыт аралығында вакцина алғысы келетін азаматтар өздері тіркелген кез келген емханаға жүгініп, екпе ала алады.