Бүгінгі таңда жастардың құқықтық мәдениетін арттыру - өзекті мәселелердің бірі. Көп жағдайда жасөспірімдер мен жастар заң талаптарын толық білмегендіктен, түрлі заңбұзушылықтарға ұшырап жатады. Оған дәлел - елімізде жыл сайын жүргізілетін сауалнамалар нәтижесіне сәйкес, жалпы жастардың шамамен 70-80 пайызы өз құқықтарын толық білмейді.