Мемлекеттің қызметтің ардагері, Атырау қаласының құрметті азаматы Тамара Аман-Турлина 70 жаста! Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда ұйымдастырылған кешке зиялы қауым өкілдері мен әріптестері жиналды. Мерейтой иесін алғашқылардың бірі болып Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы құттықтап, облыс әкімі Серік Шәпкеновтің ыстық ықыласы мен ізгі тілегін жеткізді.