Өңірде бокстан халықаралық турнир басталды. 250- ге жуық спортшы бақ сынайтын дода биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар қатарында Қазақстанмен бірге Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь мемлекеттерінің былғары қолғап шеберлері бар. Бұл жарыс жас боксшылардың шеберлігін шыңдап, өзара тәжірибе алмасуына серпін береді.