Мектеп және колледж түлектеріне арналған «Study in Kazakhstan» республикалық білім беру көрмесі өз жұмысын бастады. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде өткізілген іс-шара отандық жоғары оқу орындары мен еліміздегі беделді шетелдік университет филиалдарын бір алаңға біріктіріп, талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік ұсынуда.