Облыста кітап оқуды насихаттауға бағытталған жаңа бастама қолға алынды. Қалада ірі сауда орталықтарында арнайы кітап нүктелері ашылмақ. Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өткен кездесу де 4 ірі сауда орны мен баспалар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, әдеби шара да отандық авторлар мен жазушылар қазіргі кітап нарығы туралы өз ойларымен бөлісті.