Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау – тек медицина саласының ғана емес, тұтас қоғамның ортақ міндетіне айналған. Себебі, бүгінде олар дұрыс тамақтанбау, қозғалыстың аздығы, зиянды әдеттер мен психологиялық күйзеліс секілді түрлі проблемаларға тап болып жатыр. Осы ретте денсаулық сақтау және білім беру саласының мамандары жасөспірімдерге сақтық шараларын түсіндірді. Іс-шараға 300 ден аса жас қатысты.