23-сәуір - Ұлттық кітап күніне орай өңірде "Артық білім - кітапта" атты OPEN AIR апталығы басталды. Былтыр Үкімет қаулысымен бұл күн Ұлттық кітап және кітапханашылар күні болып бекітілген. Осыған орай облыс кітапханалары бірлесіп, ашық аспан астында ауқымды мәдени шараның шымылдығын түрді. Мақсат- оқырман санын арттырып, әсіресе жастардың кітапқа қызығушылығын ояту.