Сапасыз тауар, чек бермеу және онлайн саудадағы келеңсіздіктер. Бүгінде тұрғындар тарапынан осы мәселелерге қатысты шағымдар жиілеген. Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, былтыр 1600-ден астам арыз келіп түскен. Оның 950-і қанағаттандырылса, 500-ге жуығына түсіндірме жұмыстары жүргізіліпті. Жалпы, тұтынушы өз құқығын қалай қорғай алады? Нені ескерген жөн? Толығырақ тілші сюжетінде.