Салынғанына 50 жылдан асқан Атырау теміржол вокзалы қазір қайта жаңартылуда. Жобалық құны 3 миллиард теңгеден асатын құрылыс келер жылдың шілде айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Жаңарту жұмыстары аяқталған соң вокзал тәулігіне 5 мың жолаушыны қабылдайтын болады. Толығырақ тілші тарқатсын.