Ұлағатты ұстаз, білім саласының ардагері Қадим Оңғарсыновты еске алуға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға оның шәкірттері, ардагер ұстаздар, жас мамандар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Шара аясында қатысушылар ұстаздың өмір жолы жөнінде сөз қозғап, мұрағаттық деректермен танысты.