Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, этикалық мәдениетті арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қызылқоға ауданына Атырау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова арнайы іссапармен келді. Ол аудандық мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізіп, маңызды мәселелерді талқылады.