Атырауда облыстық ардагерлер кеңесінің қолдауымен “Әжелер сөзі – тәрбие көзі” атты облыстық конференция ұйымдастырылды. Шараға өңірдің барлық ауданынан келген 80-ге жуық қария қатысып, ұрпақ тәрбиесі, отбасы құндылықтарын сақтау туралы сөз етті. Сондай-ақ, жиналғандар кеңес жұмысының бағыттары мен жыл бойы атқарылған іс-шаралар, алдағы жоспарлар туралы да пікір алмасты.