Облыста шұғыл медициналық көмек жүйесі жылдан жылға жаңартылып келеді. Соңғы үлгідегі жаңа автокөліктер, заманауи жабдықтар алынып, ел игілігіне қызмет етіп жатыр. Жедел әрекет ету бригадалары да тәулік бойы дайын. Барлық жұмыстың басты мақсаты – тұрғындарға сапалы әрі жедел медициналық көмек көрсету.