Атырау облыстық перинаталдық орталығында “Ana Space” атты демалыс және шығармашылық бөлмесі ашылды. Бұл жоба нәрестесі шала туған немесе ұзақ уақыт медициналық бақылауда жатқан аналарға қолдау көрсету, олардың психологиялық жай-күйін жақсарту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылып отыр.