Құрманғазы ауданында облыстық Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығыныңұйымдастыруымен«AgroSkills–2025» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Шарада аймақтағы агроөнеркәсіп саласында жүрген жандар бас қосып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, «АгроБолашақ: Білім. Технология. Тәжірибе» атты инновациялық семинар да ұйымдастырылды.