Республика күні қарсаңында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Еліміздегі үлгілі 20 отбасының қатарына Атыраулық Өтеповтар әулеті де енген болатын. Өңір намысын абыроймен қорғап қайтқан отбасы мүшелерін әуежайдан жақындары мен облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары күтіп алды.