«Қоғамдық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында қаладағы қоғамдық орындарда шылым шегуге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Учаскелік полиция инспекторлары пәтер иелері кооперативі өкілдерімен көпқабатты үйлерді аралап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.