Енді тұрғын үй беру тетігі автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаңашылдық - азаматтардың тұрғын үйге қол жеткізу процесін жеңілдетіп, ашық әрі әділ етуге бағытталған маңызды реформа. Жаңа жүйе арқылы тұрғындар өз мәртебесін онлайн режимде бақылап, кезек қозғалысын қадағалай алады.