Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтіп жатыр. Осыған орай, аймақта патриоттық бағыттағы шаралар легі әлі де жалғасып жатыр. Соның бірі - «Сармат» арнайы лицей-интернатында өтті. Мұнда еңбек ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Сембай Есенғалиұлын еске алуға арналған ақпараттық-патриоттық бұрышы ашылды.