«Қоғам келбеті – кемел әйел». Осындай тақырыпта Республика күніне орай Н.Жантөрин атындағы филармонияда кездесу өтті. Атаулы шараны «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты ұйымдастырды. Мұнда әр саланың үздіктері бас қосты.