Республика күні қарсаңында ел дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Аймақ басшысы Серік Шәпкенов ел экономикасы мен мәдениетін, қоғамдық келісімнің нығаюына ықпал еткен жандарға «Құрмет», 3-дәрежелі «Барыс», «Парасат», 3-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерін табыс етті.