Атырау қаласында тәртіп сақшылары “Қару” және “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде қару сататын және сақтайтын дүкендерге кешенді тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның мақсаты – заңсыз айналымдағы қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жолын кесу, сондай-ақ қауіпсіздік ережелері мен заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.