Атырауда «Жұмысшы мамандығы жылы» аясында облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерімен кездесті. Олардың қатарында еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған жандар бар. Кездесуде студенттер ардагерлерге өз сауалдарын қойып, кәсіби бағыт-бағдар алды.