Биыл Конституциясының қабылданғанына - 30 жыл. Ел Тәуелсіздігінің басты тірегі саналатын құжат 1995 жылы жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданды. Содан бері мемлекеттің дамуы мен тұрақтылығына Ата заң негіз болды. 30 жыл ішінде Конституция бірнеше мәрте өзгеріп, заман талабына сай жаңартылды.