Облыстық ішкі саясат басқармасының “Ұшқын” әлеуметтік жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолөнер тренингі ұйымдастырылды. Үш күнге созылған шара барысында қатысушылар тігін тігу, түрлі эскиздер сызу, қолөнер бұйымдарын жасаудың қыр-сырына қанықты.