Президент жолдауына орай биыл еңбек адамдарының беделін арттыру және олардың еңбегін насихаттау жұмыстары қарқын алуда. Бүгінгі кейіпкерлеріміз Атырау қаласында бір мекемеде қызмет ететін ерлі-зайыптылар. Үйдегі жарасымдылықты жұмыс орнында да сақтап, бір-біріне тірек бола білген жұптың еңбекқорлығы көпшілікке үлгі.