Үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңес мүшелері, журналистер және басқа да өңір белсенділері біліктілігін арттырды. «Қоғам дауысы» жобасы аясында өткізілген кезекті семинар-тренингке 20-ға жуық азамат қатысты. Жоба Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асқан.