Биыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны белгілі. Бұл бастама еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы орнын айқындауды көздейді. Осыған орай бүгін Атырау қаласындағы металл және электротехникалық бұйымдарды өндіретін кәсіпорында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды. Техникалық салада тер төгіп жүрген жастардың еңбегі мен өндірістің тыныс-тіршілігі толығырақ тілшіміздің материалында.