Адал еңбекпен елге қызмет етуді өмірлік ұстаным еткен Лариса Дауышова жас буынға үлгі боларлық тұлға. Ол 5546 әскери бөлімінде аспаз болып жұмыс істейді. Ол Отанға адал қызмет ету тек шекара күзетінде емес, дәл осындай қарапайым, бірақ қадірлі еңбектен де басталатынын айтады.