Индер ауданында 320 орындық Балдәурен балабақшасының төбесі құлауға шақ тұр. Сонау 90 жылы салынған бөбекжайға осы уақытқа дейін бірде-бір рет күрделі жөндеу жасалмаған. Жергілікті билік ғимаратты апатты деп танымағанымен, тозығы жеткен балабақша балалар үшін аса қауіпті дейді мұндағы мамандар.