Атырауда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерімен кездесу өткізді. Жиын барысында департамент басшысы Нұрлан Еркебаев мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібіне енгізілген өзгерістер мен конкурстық іріктеу жүйесінің тиімді тұстарын баяндады. Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік қызметке орналасу үшін үміткерлер арнайы тестілеуден өтуі тиіс.