Жаз мезгілі көзді ашып жұмғанша өте шықты. Екі аптадан кейін оқу жылы басталады. Қазір мектепке дайындық қызу. Әсіресе базарлар мен сауда үйлерінде қарбалас. Әріптесім Ақмарал Бисембайқызы арнайы базарға барып, бір балаға қанша қаражат жұмсалатынын анықтап көрді.