Атырауда еліміздің және шетелдік мамандардың басын қосқан ғылыми-практикалық конференция өтті. Ол ғылыми жиын тері-венерологиялық қызметінің 100 жылдық мерейтойына арналып отыр. Конференция жас мамандар үшін тәжірибе алмасу алаңына айналса, сала ардагерлеріне еңбектері мен қосқан үлестерін еске алуға мүмкіндік берді.