Атырауда 3 және 14 жастағы ұл-қыздарына күн көрсетпеген безбүйрек ана ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Келіншек балаларын үйге кіргізбей қаңғыртып, тіпті оларды ішімдікке ақша табуға мәжбүрлеген. Ал өтінішін орындамаса тамақ бермей, аш-жалаңаш қалдырған кездері көп болған, дейді көршілері. Қазір құзырлы орган мән -жайды анықтауға кірісті.