Аймақтағы спорт сласында сыбайлыас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары күшейе түспек. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Еркебаев осылай деді. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізілген жиынға жергілікті спорт мектептерінің басшылары мен жауапты сала мамандары қатысты.