Атырауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жайық жағалауы қоқыстан тазартылды. Тазалық науқанына үш ірі мұнай компаниясынан 200-ге жуық адам қатысты. Олар 5 шақырымға жуық аумақты қалдықтардан тазартты. Жалпы облыста акция басталғалы 25 сенбілік өткізілген. Көгалдандыру жұмыстары да қолға алынбақ. Биыл 59 гектар аумаққа 117 мың көшет отырғызу жоспарланған.