Қазақ киносының алтын қорынан өзіндік орын алған «Қыз Жібек» фильмінің басты кейіпкерлері "Қазақстанның Халық артисі","Құрмет" және "Парасат" орденінің иегері Құман Тастанбеков пен ҚР еңбек сіңірген әртісі , «Құрмет орденінің» иегері Меруерт Өтекешова гастрольдік сапармен Мақат ауданында болды.
Махаббаттың символы, атанған өнер майталмандарын аудандық мәдениет үйінде аудан халқы тік тұра қарсы алып, ыстық ықыласын білдірді. Жүздесу «Қыз Жібек» фильмін тамашалаумен басталды. Сахна төрінен орын алған қос жұлдыздың әңгімесін ұйып тыңдаған қалың көпшілік,қошеметтерін де аямады