Студенттік жастар жасақтарының маусымы салтанатты түрде ашылды. Жеңіс саябағындағы «Мәңгілік алау» алаңында ұйымдастырылған шараға Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, басқарма басшылары мен ардагерлер кеңесінің мүшелері және студенттер, жұмыс беруші мекеме өкілдері қатысты.