«Әже үні – өнеге жыры». Осы тақырып аясында әжелер арасында ән фестивальі өткізілді. Фестиваль барысында ақ ниетті аналар қауымы бабалар мұрасы киелі де, қастерлі ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан — ұрпаққа жеткізіп, жастардың бойына сіңіруді өздерінің парызы санағанын өнегелі істерімен паш етті.