28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай облыстық төтенше жағдайлар департаменті журналистер арасында кроссфит жарысын ұйымдастырды. Шара барысында қатысушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен танысып, арнайы кедергілерден өтіп, төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын шыңдады.