Негізгі Жаңалықтар ИНДЕР АУДАНЫНДА БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

ИНДЕР АУДАНЫНДА БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Индер ауданындағы «Балдәурен» балабақшасында тәрбиеленушіге күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада тәрбиешінің бүлдіршінді дөрекі түрде ұстап, жұлқылағаны көрінеді. Оқиғаға байланысты аудан прокуратурасы тексеру жүргізіп, материалдарды полицияға жолдаған. Қазір құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап жатыр.

Бөлісу