АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ӘЗІРЛЕУДЕ
Атыраулық жасөспірімдер робототехника мен ақпараттық технологиялар саласында тың жобалар әзірлеп жүр. Жас өнертапқыштардың ең кішісі небәрі 13 жаста. Оқушылар өз туындыларын түрлі байқауларда, соның ішінде халықаралық жарыстарда таныстыруды жоспарлап отыр.