ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҺАНДЫҚ КИБЕРШАБУЫЛ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ЖОҚҚА ШЫҒАРЫЛДЫ
17 қарашада жаһандық кибершабуыл жасалып, интернет үш айға өшіріледі. Ал банктердегі есепшоттардағы қаражат жойылады. Әлеуметтік желілерде тараған хабарламаларда осындай қауіп-қатерлер айтылды. Алайда цифрлық апат туралы ақпараттың жалған екені анықталды. Неліктен адамдар мұндай хабарламаларға сеніп, оны өзгелерге таратады? Ал жалған ақпарат таратқандарға қандай жауапкершілік қарастырылған? Толығырақ сюжеттен көрейік.