ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ
- Атырауда жас полиция қызметкерлері мен тәлімгерлердің республикалық форумы өтті. Еліміздің әр өңірінен келген 160-тан астам тәртіп сақшысы қатысқан жиында полициядағы ұрпақтар сабақтастығы, жас мамандардың кәсіби қалыптасуы және тәлімгерлік қолдаудың маңызы талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, саладағы өзекті мәселелерді ортаға салды.