ҚҰМАРШЫҚ ӨСІМДІГІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУГЕ АЛЫНДЫ
Құрманғазы ауданындағы Нарын құмында өсетін құмаршық өсімдігі ғылыми зерттеуге алынды. Кезінде негізгі азықтардың бірі болған табиғи өсімдіктің тағамдық құндылығы мен биологиялық қасиеттері зерделеніп жатыр. Осы мақсатта ауданға Қазақ тағамтану академиясының ғалымдары мен Ақтөбеден фармацевт маман келіп, құмаршықтың құрамын зерттеп, оны тағам өндірісінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруда.